ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

2025 жылғы 10–20 қазан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын іске асыру аясында, «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен «Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантын өткізеді.

Диктанттың басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Диктант онлайн-тестілеу форматында өтеді. Тапсырмалар қиындық деңгейлері бойынша бөлінеді. Бұл тәсіл мектеп оқушысынан бастап зейнеткерге дейін әрбір азаматқа өз білімін тексеруге, пайдалы ақпарат алуға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Диктантқа кез келген адам қатыса алады – жасына немесе біліміне қарамастан. Онлайн формат қатысуды барынша ыңғайлы етеді: тесті смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден өтуге болады.

Қатысушылар тесті шексіз рет тапсыра алады, сондай-ақ алдын ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі беріледі.

Диктант аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат табысталады.

Ең жоғары балл жинап, ең аз уақыт ішінде аяқтаған қатысушылар іс-шараның серіктесі – «Халық Банкі» АҚ-ның арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

«ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер