Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті

image.png

Заң мен тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты республикалық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан жас ақындар қатысты.

Байқауға қатысушылар «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» және «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыбындағы шығармаларын ұсынды. Сонымен қатар жас ақындар Ұлы Жеңістің 80 жылдығын елеусіз қалдырмай, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, ерліктерін жырға қосты. 

Рухани шараның ашылуында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.  Сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарын белсенді іске асыруға тарту бүгінгі күннің маңызды жұмысы екенін атап өтті.

Байқаудың ақтық сайысына өткен жас ақындардың арасынан түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.  Нақтырақ айтсақ, қазылар алқасының шешімімен 1-орынды атыраулық жас ақын Долорес Русланқызы жеңіп алды. Ал 2-орын Шымкент қаласынан келген Ақсүйкім Ізбасар мен түркістандық Айбек Бердішке бұйырса, 3-орын Абай өңірінен Адина Омарғазина  мен Түркістан облысынан Қасымхан Исаханға  берілді. 

Мүшәйрада жас ақындарға айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова, қаламгер Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлделер мен   облыстық Қоғамдық даму басқармасының арнайы жүлделері тапсырылды. Одан бөлек 7 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Айта кетейік, байқау «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер