Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

image.png

Әлеуметтік желіде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған әйелдің видеосы тараған болатын. Көп ұзамай Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқаптағы қызғалдақтарды жұлған адамның жеке басы анықталып, ұсталды. Ол  Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты деп жазады rgmedia.kz тілшісі. 

Аталған жайт бойынша ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін жою» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады.

— Полиция табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау үшін рейдтер мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп жатыр. Сондай-ақ алқаптарға ескерту тақтайшалары орнатылып, түсіндіру жұмыстары істеліп жатыр. Тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білім деңгейін дамытудың жаңа бағыттары айқындалды
  • В Казахстане не намерены закрывать русские классы
  • Өскеменде Ғ.Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жол инспекторларының слёті басталды
  • Глава государства выступил на конференции ООН
  • Мемлекет басшысы БҰҰ конференциясында сөз сөйледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер