Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты

Өңірдегі ішімдіксіз ауылдар қатарына Дермене, Табысты, Жаңажол, Нұртас, Мәдениет ауылдары қосылды деп жазады ҚазАқпарат. 

Онлайн режимде халыққа есеп берген Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов өңірде қылмыс деңгейі азайғанын жеткізді. Мәселен, облыста өткен жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық 3,2 пайызға төмендеген. Ұрлық — 38,7 пайызға, мал ұрлығы — 43,7 пайызға азайған. Пәтер ұрлығын жасаған 8, алаяқтық қылмыстарын жасаған 23, мал ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топ ұсталған.

Ол сондай-ақ криминогендік жағдайдың тұрақты болуы үшін жеке құрам алдағы уақытта да жұмыла іске кірісетінін жеткізді. Одан бөлек өңірде ішімдіктен бас тартқан ауылдардың да қатары артып келеді. 

– Облыс бойынша 61 ауыл ішімдік сатудан бас тартты. Мұнда құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу маңызды рөл атқарады. Кейінгі жылдары аталған ауылдарда қылмыс тіркелмеген, тәртіп пен тыныштық орнаған. Осындай берекелі ауылдар өзгелерге үлгі болуы керек, - деді полиция генералы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер