Студент есірткі заттарына қарсы акцияға қатысты

Түркістан қаласында полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес бойынша тоқтаусыз ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Ол тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмейді. 

Screenshot_47.jpg

Студенттер мен оқушылар арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, зиянсыз әдеттерден аулақ болып, бұқаралық спортпен шұғылдануға да баулиды. 

Түркістан қалалып полиция басқармасы кезекті осындай іс-шараны шаһардағы колледж студентіне арнап өткізді. Ұйымдастырушылар қатарында Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» да бар. 

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергеновтың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Айта кетсек, 2024 жылы есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталған. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 килограмм есірткі заттары тәркіленген. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған. Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.

Салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зияны туралы дәрісті тыңдағаннан кейін оқушылар қызметтік-іздестіру иттерінің есірткіні тауып, командаларды орындағанын көрді. Сондай-ақ осы күні 6 команда арасында спорттық жарыстар өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Студенттер ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жағымды әсер ғана емес, жаңа білім алғандарын айтты. 

- Мұндай іс-шаралар оқушылармен байланыс орнатуға және олардың жалғыз емес екенін түсінуге көмектеседі. Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз, сондықтан есірткінің таралуы туралы қандай да бір ақпаратты біліп, қауіпті сезінсе дереу бізге хабарлауды сұраймыз, - деді Әдрахман Тоқбергенов.

Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер