Басты мақсат – жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақыру

Түркістан қаласының білім бөлімі мен Түркістан қалалық жерргілікті полиция бөлімінің және прокуратураның бірлескен жоспарына сәйкес қаладағы колледждерде «Ел ертеңі есірткісіз болашақ» тақырыбында форум өтті. 

Screenshot_24.jpg

Оған білім беру ұйымдарынан директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және студенттер қатысты.

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергеновтың айтуынша, бұл форумның басты мақсаты – адамзат өміріне қауіп  төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық, қорғаныс қабілетін әлеуметтік имунитетті қалыптастыру. Есірткіге, жалпы нашақорлыққа, «Дәріханалық нашақорлыққа», «Синтетикалық есірткіні» қолданудың алдын алу бойынша қарсы имунитет қалыптастыру және олар бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескерту, түсіндіру.

- Нашақорлық – бұл тұтастай ұлтымыздың болашағына балта шабатын қауіпті індет. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуда. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Нашақорлық пен есірткі заттарына қарсы күрес бойынша жыл сайын түрлі акциялар өтуде. Қоғамдағы бұл қасіретті індетпен күресу үшін мейілінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз. Дені сау, ұшқыр ойлы, саналы жастарымызды білімге баулып, ғасыр дертімен бірге күресейік, - деді Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаев.

Сонымен қатар, қалалық сот төрайымы Айгүл Жаңбырбаева, қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев нашақорлық індетінің жай-жапсары мен оған қарсы полиция жұмысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ форум аясында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар, лудомания, нашақорлық сынды адами қасиетке жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауларына ықпал ету, себеп-салдарын анықтау, сақтандыру жолдарын кеңінен сөз етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

- Біздің басты мақсатымыз – жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, нашақорлық пен темекі шегушіліктің алдын алу. Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер: темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу, - дейді Әдрахман Тоқбергенов. 

Қазіргі таңда өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жасөспірімдер арасында қылмыстың жасалуы жиі кездесуі және жасөспірімдер арасында қылмыстың көп жасалуына байлынысты: жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып тәрбиелеу екендігі айқын көрініс тауып, оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көп мағлұматтар айтылып, видеороликтер көрсетілді.

 Сондай-ақ елдің үмітін арқалап, мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшы, еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, Азияның күміс жүлдегері, Джиу-джитсудан әлемнің 3 дүркін жеңімпазы, спорттың бірнеше түрінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Акбар Елубайұлы және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастар орталығының директоры Ақан Сәбитұлы жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі болуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер