Энергетика ел дамуының негізгі қозғаушы күші

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының мүшелері бүгін Түркістан облысының жедел жәрдем бөлімінде кездесу өткізді, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың прогрессивті мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.

Screenshot_8.jpg

Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев АЭС салу бастамасының түпкі мәні энергетикалық қауіпсіздікті қамтудан туындайтынын мәлімдеп, «Біз, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін ойласақ, АЭС салудың маңызы зор екенінін түсінуіміз қажет. Себебі, энергетика қашан да, ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып саналады. Энергия көзі жеткілікті болса ғана өндірістің көлемі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады», - деді.

Атом станциясын салуды тұрғындардың көпшілігі қолдайтынын атап өткен мәслихат депутаты Аманжол Данаханұлы бізде атом саласында жұмыс істейтін ғалымдар мен инженерлер бар ма деген сауал тұрғындар арасында ең көп айтылып жатқан мәселе екеніне назар аударды. Бұл жөнінде Саттарбек Махатович Курчатовта Ұлттық ядролық орталық жұмыс жүргізсе, Алматыда Ядролық физика институты бар екенін айтты. Бұл институттар АЭС құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз етеді және бұл жұмыстар Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің бақылауында жүзеге асатынын мәлім етті.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан ақ халаттылар бастамаға бірауыздан қолдау көрсетіп, энергия ел экономикасының қозғаушы күші деген ортақ пікірге келді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер