«Жеңіс» Батырлардың құрметіне салынған саябақ

9.jpg 

Түркістан қаласында жұртшылықтың ең көп баратын орындардың бірі «Жеңіс» саябағы. 

«Ер есімі – ел есінде». Отан үшін жанын құрбан еткен батырлардың құрметіне салынған саябақ - қаланың ең көрікті орындарының бірі. Соңғы жылдары саябақ күрделі жөндеуден өтті. Саябақ  күндіз өзінің табиғатымен, кешкі мезгілде түрлі жарықшамдармен көз жауын алады. Балалар мен жасөспірімдер де назардан тыс қалмаған. Футбол алаңқайы және скейт-парк жас спортшыларға арнап салынған. Табиғат аясында серуендеуге жайлы жер іздесеңіз, саябақ есігі әрдайым ашық. 

Жалпы, Ұлы  Отан соғысына Түркiстан әскери комиссариатынан 18547 адам майданға аттанып, 15960 туған жерге оралған. 1941-1945 жылдары Түркістан әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған азаматтардың, майданда қаза болған жауынгерлердің аты-жөндері Түркістан қаласы ардагерлер Кеңесінің басшылығымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Түркістан» газеті редакциясы негізінде «Ерлік даңқы өшпейді» атты кітапта жарияланған (2010 ж.).  

Отанымызға адал қызмет етіп, қазіргі таңда жас ұрпаққа дамыған елде өмір сүруге және бүгінгідей мемлекет құруға соғыс ардагерлердің әрқайсысының қосқан үлестері мол. Сондай-ақ, бүгінгі күні де жас ұрпақ бойында Отанға деген патриоттық сезім мен туған жерді адал қорғаудың үлгісі болып келеді. Соның ішінде Құрбанбай Рысбеков, Абдулла Үсенов, Расул Есетов, Файзулла Юлдашев түркістандық төрт азамат Кеңес одағының Батыры жоғары атағына лайық деп танылды. 

1943 жылы күзде біздің әскер Днепр үшін ұрыста ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атаққа облыстан 13 адам ие болса, екеуі түркістандық: Рысбеков Құрбантай, Юлдашев Файзулла.     

Құрбанбай (Құрбантай) Рысбеков - 1922 жылы  Түркістан ауданы Шорнақ ауылында туылған. 29 желтоқсан 1943 жылы қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қантар жарлығымен Қ.Рысбековке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғысқа дейін Шорнақ мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып істеді. 1942 жылдары көктемде өз еркімен майданға аттанды. 42-атқыштар полкі құрамындағы взвод командирі Рысбеков Днепр,Украина үшін болған ұрыстарда ерлік көрсеткен. 

Абдолла Үсенов - 1924 жылы Түркістан темір жолы стансасында, қазіргі Түркістан қаласында туылған. 7 желтоқсан 1943 жылы Украина майданында қаза тапты. Кеңес Одағының Батыры атағы 25 тамыз 1944 жылы берілді. Соғысқа дейін Түркістан вагон жөндеу депосының цех механигі болды. 1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. 112-Рыльск-Коростень атқыштар дивизиясының құрамында 159 жеке сапер батальонның Украина жерін жаудан азат ету үшін кескілескен шайқаста асқан ерлік көрсетті. 

1992 жылы Крупская атындағы кеншарға А.Үсеновтың есімі берілді. Үшқайық ауылдық кеңесі ғимаратының алдынан батырға үлкен ескерткіш орнатылып, арнайы ас берілді.  1994 жылы Үшқайық ауыл әкімшілігі ауыл азаматтарының басқосуында Теке ауылы А.Үсеновтың есімімен аталды. 

Файзулла Юлдашев  - 15 қыркүйек 1912 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент мұғалімдер институтын бітіріп, Бұхара облысында мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың маусымында шақырылып, сол жылдың қазан айынан Воронеж майданына қарасты 38-армия 180-атқыштар дивизиясы 42- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 27 қыркүйекте аға сержант Юлдашев алғашқы десантшылар құрамында Киев облысы Вышгород ауданы Новые Петровцы селосы маңында Днепрдің оң жағалауына өтіп, қолма-қол ұрыста басып алған плацдармды ұстап қалу үшін өз бөлімшесімен бірге қаһармандықпен шайқасты. 11 адамнан жалғыз Файзулла тірі қалды. Жалғыз  қалса да, зеңбірекпен жауға оқ жаудыруын тоқтатпады. Бұл ұрыста қатты жарақаталған Файзулла Десна бойындағы госпитальда емделеді. 

 Осы шайқастағы ерлігі үшін Юлдашевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы  29 қазан 1943 жылы берілді.

Расул Есетов 25 маусым 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туылған. 1943 жылы Совет армия қатарына шақырылады. 1944 жылғы 11қазанда немістер қорғанысының алғы шебін барлау жөніндегі бұйрықты орындап жүрген Есетовтың бөлімшесіне дұшпан доттан, пулеметтен оқ атты. Бірақ бұл жолы да командир шебер маневр жасап, дотқа жақындады да, қол гранаттарын лақтырды. Ол жау бекінісіне басып кіріп, автоматпен дұшпанның 15 солдатын сұлатып салды. Осы ұрыста Есетовтың бөлімшесі жаудың 50 солдаты мен офицерін өлтіріп, 37 миллиметрлік зеңбірегін, екі станокты пулеметін, танкіге қарсы ататын екі мылтығын, бір огнеметін, 40 винтовкасы мен оқ-дәрі қоймасын қолға түсірді.

Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылғы 24 наурызда Расул Есетовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда
  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер