Түркістанда жарықтандырылған көшелердің үлесі 57,4 пайызға жетті

2020 жылы Түркістан қаласы аумағындағы жарықтандырылған көшелердің үлесі 31,8 пайызды құраған болатын. Жалпы көрсеткіш бойынша 269 көше, яғни 347,7 шақырым жол жарықтандырылды. 

Screenshot_48.jpg

2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шақырым жолға) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5 пайызды құрады. Жалпы көрсеткіш бойынша 393 көше, яғни 495,5 шақырым жол жарықтандырылды.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 93 көшеге (123,1 шақырым жолға) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4 пайызға жетті. Жалпы көрсеткіш бойынша айтар болсақ, 485 көше, яғни 618,6 шақырым жол жарықтандырылды.

Алдағы 2023 жылы қаламыздың 277,2 шақырымды құрайтын 272 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89 пайызға (895,8 шақырымды құрайтын 757 көшені жарықтандыру) жеткізу жоспарлануда.

Жарықтандырудың екінші кезеңі бойынша айтар болсақ, 2021 жылдан бастап 2022 жылдың маусым айына дейін қала аумағындағы 270,9 шқ құрайтын 216 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта көшелер толығымен қуат көзіне қосылды. Нәтижесінде, қала аумағындағы жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 57,4 пайызды құрады.

Жарықтандыру жүйесінің үшінші кезеңі бойынша айтар болсақ, 2022-2023 жылдар аралығында 277,2 шақырымды құрайтын 272 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған нысан бойынша құрылыс жұмыстары «Бекзат» тұрғын алқабына қарасты 28 шақырым құрайтын 32 көшеде бастау алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер