Түркістандық Ұлбосын - самбодан қазақстан чемпионы

Түркістандық Ұлбосын - Арменияның Ереван қаласында өткен "Жастар арасындағы әлем чемпионатында" самбодан күміс жүлдені иеленді.

Screenshot_31.jpg

Одан бөлек, Ливан мемлекеті астанасы - Бейрутта ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі 2-ші орынды алды.

Жастайынан спортты серік еткен ару - Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде" жаттығады. Бапкері - Бейсембаева Мөлдір Тастанбекқызы

Жас спортшының бұған дейін, Қызылорда қаласында өткен жастар арасындағы самбо күресінен 80 кг салмақта Қазақстан чемпионатында жүлделі екінші орын, Орал қаласында самбо күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жүлделі бірінші орыны бар.

Сонымен бірге, өткен жылы Өзбекстан Республикасында өткен Жастар арасындағы самбо күресінен 80 кг салмақ дәрежеде - "Азия чемпионы" атанған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная экономика как основа устойчивого развития региона
  • Энергетика министрлігі көмір саласындағы мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдамақ
  • Жамбыл облыстық ауруханасында ерекше операция: Хирургтер трихобезоарды алып тастады
  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер