Түркістанда тұрғын үйлер мен мекемелерге жылу беріле бастады

Түркістан қаласында бүгін сағат 06:00-ден бастап қала аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды.

Screenshot_19.jpg

Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтекауданда көпқабатты - 58 үй, ІІ мөлтекауданда - 15 үй, ТГЖД аумағында - 2 үй орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында - 38, әкімшілік іскер орталығында - 14, жалпы 127 көпқабатты тұрғын үйл орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.

Айта кетерлігі, тұрғындар үйдегі радиаторлардың қызып, жылығанына көз жеткізу қажет. Егер де жылу келмесе ауасын шығару керек. Радиаторлардағы ауа үйді нашар жылытып қана қоймай, батареялардың тот басуына әкелуі мүмкін.Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің төленгенін тексерген дұрыс. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная экономика как основа устойчивого развития региона
  • Энергетика министрлігі көмір саласындағы мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдамақ
  • Жамбыл облыстық ауруханасында ерекше операция: Хирургтер трихобезоарды алып тастады
  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер