Түркістанда сабыр рақымовты еске алуға арналған халықаралық дода басталды

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған және даңқты қолбасшының туғанына 120 жыл толуына орай еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI халықаралық жарыс басталды.

Screenshot_15.jpg

Күрес додасына көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары және қалаларынан балуандар қатысуда. 

Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы балуандарды және қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі. 

Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері бүгінде әлемде қарқынды дамуда. Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл халықаралық дода жастардың шеберліктерін арттыруға үлкен серпін береді. 

Тартысқа толы бәсекеде ұлдар 11 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтаса, қыздар 10 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды. Сайысқа жалпы 337 спортшы қатысуда. Халықаралық күрес бәсекесі 3 күн жалғасады. 

Жарысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер