Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. "Түркістан – жүрегімнің төріндесің" тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Screenshot_25.jpg

Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар "Түркістан", "Отан", "Туған жер" жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды. 

Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЭКОНОМИКА МЕН АГРОСАЛА БАСТЫ НАЗАРДА
  • Түркістан облысында қыс мезгілінде 14 жылыту пункті қызмет көрсетеді
  • Түркістанда 800-ге жуық мектеп директорына арналған басқару интенсиві өтті
  • «AMANAT» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады
  • ФинIQ – тест на финансовую грамотность
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер