Түркістанда жылу беру маусымына дайындық ерте басталады

Түркістан қаласында «Жылу» МКК-ның нысандары бойынша 2022-2023 жылы жылу беру маусымының дайындығына байланысты баспасөз туры болып өтті.

Screenshot_50.jpg

Кездесу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар салаларындағы қызметтің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтті. Баспасөз турына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент директоры Қанат Оралов, мекеме директоры Ерғазы Рысбеков, мемлекеттік органдар, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

“Бізде комитет тарапынан медиа жоспармен баспасөз туры бекітілген болатын. Қазірде әр облыстық департаменттерде баспасөз туры өтіп жатыр. Оның ішінде бес, алты субьекті таңдалады. Базалық субьектілер таңдалады. Соның бірі Түркістан қалалық “Жылу МКК” мекемесі. Біз техникалық ерекшеліктеріне қарай қызметін көріп, танысып жатырмыз. Турдың ең басты мақсаттарының бірі біз бекіткен көрсеткіштерді тексеру, жылу беру маусымының дайындығын тексеру болып табылады. Ең бастысы халықтың ризашылығы”,- деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент директоры Қанат Оралов.

Баспасөз туры аясында «Жылу» МКК-ның өкілі атқарылған және жоспарланған жұмыстары туралы баяндады, онда мекемедегі қазандықтардың қазіргі таңдағы жұмыс барысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, №1 орталық қазандықтың атқаратын жұмыстарына жеке тоқталып өтті. Осылайша, «Жылу» МКК алдағы жылыту маусымына толық дайын екендігін хабарлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер