Түркістанда жаңа радио ашылады

Түркістан қаласында таяу болашақта жаңа радио ашылмақ. Бұл туралы "Turkistan media holding" ЖШС-нің Бас директоры Жанахмет Ағыбаев хабарлады.

Screenshot_35.jpg

Аталған радио "Alatau media" орталығындағы "Turkistan media holding" жанынан құрылмақ. Оған түркиялық "ТРТ" корпорациясы қолдау көрсетеді. Бұл келісімге холдинг басшысы Жанахмет Ағыбаев Анадолы еліне барған арнайы сапарында қол жеткізді. 

- "ТРТ" радиосының шетелдер редакциясының басшысы Невзат Мемет Түркістанда ашылатын жаңа радиоға қажетті контент беруге әзір екендіктерін және техникалық жәрдем беретіндерін айтты. Аталған радио Түркияда 41 тілде хабар тарататын іргелі шаңырақ. "Turkistan media holding" ЖШС-і алдағы уақытта "Түркістан" радиосын іске қосу үшін дайындық жұмыстарын бастады", - деді Жанахмет Жәнібекұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер