Түркістан музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді

Түркістан музыкалық драма театрында ІІ маусымның шымылдығы түріліп, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанды. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. 

Screenshot_15.jpg

Қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А Көпбасарова.

Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде бас кейіпкер көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жері – Сырдарияға оралады. 

Екі күн қатарынан өткен маусымашарға келушілер қарасы көп болды. Ашылғанына небәрі жыл толса да, жас театр бұған дейін «Бөрте», «Фариза», «Махаббат мұнарасы» сынды қойылымдарды сахналап, көпшілікке ұсынған болатын. Осылайша өз көрерменін қалыптастырып, Түркістанның мәдени-рухани дамуына, туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүр. 

Еске сала кетейік, 22-23 қазан күндері аталмыш театрда премьера өтеді. Тұңғыш рет қазақ сахнасында «Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» қойылымы сахналанбақ. М.Әуезов, У.Шекспир, И. Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан театры сахнасында тоғысатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер