Мектептерге 1000-нан астам бейнебақылау камералары орнатылды

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Screenshot_72.jpg

Түркістан қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, 2021 жылдан бері шаһардағы жалпы 55 мектеп 1 164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і мектеп сыртында орналасқан. Яғни бүгінде қамту көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр. Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. 

Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез келген құқық бұзушылықтың алдын жылдам алуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды. 

Айта кетейік, жоғары оқу орындары мен колледждер де камералармен толық қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білім деңгейін дамытудың жаңа бағыттары айқындалды
  • В Казахстане не намерены закрывать русские классы
  • Өскеменде Ғ.Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жол инспекторларының слёті басталды
  • Глава государства выступил на конференции ООН
  • Мемлекет басшысы БҰҰ конференциясында сөз сөйледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер