Түркістанда «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Түркістан қаласының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен басталған “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Screenshot_62.jpg

Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, ерекше жағдайдағы балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасау керектігін және осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізілетіндігін айтты.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев осындай қайырымды істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларға серпін береді, өмірге деген қызығушылығын арттыра түседі. Сол себепті оларға барынша қолдау көрсету баршамыздың ортақ парызымыз дейді ұйымдастырушылар. Шара соңында әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер