Түркістан мен Түркияның ынтымақтастығы арта түседі

Koç Holding түрік компаниясы Түркістанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Screenshot_25.jpg

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркиялық Koç Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Түркиядағы ең ірі қаржы - өнеркәсіптік компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ облыста томат пастасы өндірісі жобасын жүзеге асыру жоспарымен танысты. Озгур Аккол мырзаның айтуынша, түркиялық холдинг ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Түркістанда жұмыс істейтін инвесторларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.

Айта кетейік, Koç Holding Түркияның ең ірі қаржылық және өнеркәсіптік конгломераты. Fortune Global 500 тізіміне енген Түркиядағы жалғыз компания. Koç Holding құрамына 113 компания, 90 000 қызметкер және 14000 дилер мен агенттіктер кіреді. Koç Holding түрік экономикасының қозғаушы күші болып табылады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер