Инвесторлар туристік нысандарды аралады

image.png

Төлеби ауданына арнайы іссапармен келген Қытай Халық Республикасының инвесторлары бірқатар өндірістік және туристік нысандарды аралады.

 Іссапар барысында қонақтар «Заңғар 2030» ЖШС-не қарасты көмір қалдықтарының орнымен танысты. Сонымен қатар, кеңес дәуірінде жұмыс істеп, кейін тоқтап қалған трикотаж фабрикасы мен 2021 жылдан бері жұмысын жүргізе алмай отырған «Ленгір машина жасау зауыты» ғимаратын көріп шықты.

Инвесторлар ауданның өндірістік әлеуетіне қызығушылық танытып, индустриалды аймақ пен өндірістік парктің аумағына назар аударды. Сонымен қатар, Қасқасу және Төңкеріс елді мекендеріндегі таулы аймақта орналасқан демалыс орындары таныстырылып, туризм саласын дамыту мүмкіндіктері көрсетілді.

Кездесу барысында қытайлық кәсіпкерлер аудан аумағындағы тоқтап қалған өндіріс ошақтарын қайта іске қосу және туризм саласына инвестиция салу ниеттерін білдірді.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов:

– Төлеби ауданы – өндірістік қана емес, туризм тұрғысынан да әлеуеті зор өңір. Тоқтап қалған кәсіпорындарды қайта жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашу – біздің басты мақсатымыздың бірі. Қытайлық инвесторлардың қызығушылығы – аудандағы даму бағытының дұрыс екенінің дәлелі. Біз әріптестікке және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді кездесуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер