Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті

Сайрам ауданындағы мектептерде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып жұмыс істеуде.  Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Нұртанованың айтуынша, байқауға барлық мектептен үміткерлер қатысып, өз бақтарын сынаған. 

Screenshot_42.jpg

Аудандағы жалпы білім беру ұйымдарында құрылған «Ұшқыр ой алаңы» клубтары арасында «Тәуелсіздік мәңгі болсын тұғырың» атты тақырыбында пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі Қарабұлақ ауылында орналасқан №17 мектепте өтті. Оған аудандағы 12 мектептен 12 команда қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен ұлттық құрылтайда жас ұрпақ тәрбиесіне басымдық берген болатын. «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет» деп айта келіп, «Бұл мәселе бойынша мектепте алдағы оқу жылында шұғыл жұмыстар қолға алынуы қажет деп санаймын. Сондай-ақ, балалардың бойында елге құрмет, жерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, оларға экология туралы тәрбие беру үшін мектеп қабырғасында оқушылардың еріктілер клубтары құрылып, жүйелі жұмыс істеуі қолға алынады» деген болатын. Осыған орай Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №54 бұйрығына сәйкес ауданда оқушылардың танымын кеңейту, ой өрісін арттыру мақсатында «Анаға хат» байқауы ұйымдастырылды, - дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Нұртанова.

Оның айтуынша, Сайрам ауданының білім  бөліміне қарасты №17 орта мектеп базасында болып өткен пікірсайыс турнирінде бақтарын сынап, төрешілердің сенімін ақтап, жеңіске жеткен оқушылар аудандық турнирге жолдама алды. Байқау қорытындысымен бас жүлде №42 Фурқат жалпы білім беру мектебінің «Феникс» тобына берілді. 1-орынды №101 орта мектептің «Жастар рухы» командасы иеленсе, екінші және үшінші орындардан Хамза орта мектебінің «Ұшқын» және №75 орта мектебінің «Түркістан» топтары көрінді. Ал №41 Жамбыл атындағы орта мектебінің «Queen» тобы арнайы номинациямен марапаталса, қалған жеті команда турнирге белсенді қатысқаны үшін арнайы грамоталармен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлттық ойын - қазына» облыстық сайысы өтті
  • Ардагерлер алтын қазына!
  • Ұлттық спорт ұлықталды
  • Аналар кеңесі қоғамның бес кеселімен күресуді көздейді
  • Азамат «Толағайда» топ жарды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер