Әуенді субұрқақ сыйлады

Screenshot_22.jpg

Рухани астана Түркістанның облыс орталығы статусына ие болғанына жергілікті тұрғындар ғана емес барша қазақ жұрты қуанды. Оның ішінде Шығыс өлкесі  қуанышын сыйлықпен білдірді.  Нақтырақ айтқанда шаһардың  облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ. Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңындағы жұмыстың бүгінде қарқыны қызу.

  Түрленген Түркістан төріне әсем субұрқақ салуға тапсырыс алған «МК корпорейшн» компаниясының учаске бастығы  Жанат Қанапиннің айтуынша, жұмысшылар қауіпсіздігі мен сапа мәселесі бірінші орында.

  Шымкент және Түркістан қалаларында өндірілетін құрылыс материалдарын пайдаланып отырған мердігер компания өкілдері Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Екі аусымда жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті 33 азамат жұмысқа тартылған.

  Әуенді субұрқақтың көлемі 3891 шаршы метрді құрайды. Үстіміздегі жылдың қазан айында құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған нысан 30-тамыз  – Конституция күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер