Мақпал көлге туристер үшін ыңғайлы бағыт ашылған

image.png

Төлеби ауданында туристер жиі аяқ басатын көрікті мекен бар. Ол - Мақпал көлі. Ол теңіз деңгейінен   2290  метр биіктігінде Өгем ауылынан 15 км қашықтықта терең Мақпалсай шатқалының жоғары бөлігінде Өгем жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Бүгінде табиғаттың осы бір кереметін көру үшін туристерге арнайы маршрут ашылған. Бағыт көпірден басталып Өгем өзені арқылы оңтүстік бағытта көрікті жер алмалы және өрікті бақтар, аршалы және сирек орманды донала арасымен өтеді. 2,5 сағаттан кейін соқпан жол шығысқа бұрылады. Диірменбастау шатқалына бұрылып, туристер түстікке бұлақта тоқтайды. Бұдан әрі жол Диірменбастау шатқалының оң жақ түбі бойымен оңтүстік бағытта болады. Шатқал бауыры итмұрындықтармен жабылып тұр, Сиверс алма ағашы, арша мен зерек өсіп тұр. Саланың оң бөлігі мен жайлау алуан түрлі шөптермен жайқалған. Алуан түсті Кауфман қызғалдағы жиі кездеседі. 2000 м шатқал биіктігінде Қаржантау, Өгем жоталары мен Өгем өзенінің ерекше жазықтарының ерекше келбеті ашылады. Мұндағы бағыт Түркістан аршасының сирек тобы бар альпілік шалғын арасымен өтеді. Соқпақ жолда ең жылдам жәндік аңшысы Алайск кесірткесін кездестіруге болады. Бұдан әрі бағыт Азатерке шатқалының жоғарғы бөлігінің бойымен өтеді, ол шығысқа тігінен бұрылып, Жолаушы асуының (2790 м) тұйығында аяқталады. Өзенге түсетін жол қиын әрі ұзақ. Жолға кететін уақыт – 6 сағат.

Мақпал өзені терең жерде орналасқан. Өзеннің шығысы биік жартастармен жабылған, батыс бөлігі мықты тұйыққа тіреліп тұр, оңтүстік бөлігіне өзен құлап ағады, ал басты бөлігі – бұл сирек арша орманды кең альпілік шалғын. Көл аумағы шамамен 2000 шаршы метр, тереңдігі шамамен 15 м, суы мөлдір – көгілдір түсті, шілде-тамыз айларында су температурасы шағын жағажай орындарында 18 градусқа жетеді. Құзды учаске ортасында 50 метр биіктікте бұлақ көзі бар. Жағалаудың төменгі жағындағы жартаста үңгір бар. Мұндай табиғат үйлесімділігі жанды баурайды, ауада бүркіт қалықтап оңтүстік беткейде ұлар сайрайды, ал құз астындағы шалғын алаңда маңғаз тау ешкілері жайылып жүреді.

Келесін күн шатқал бойынан 4 км төмен орналасқан Қонжық көліне жолға шығуға болады. Шағын ғана Қонжық көлі (150 ш.м.) – бұл талай уақыт шатқал түбін жауып жатқан жартас сынықтарының қоршауындағы нағыз оазис. Құнарлы шөп Максикович рауғашы, Пскем пиязы, жабайы алма, арша мен зерек осы жерге Тянь-Шаньдық аюды тартады.

Үшінші күн жоғарға көтерілетін бағытпен Өгем ауылына оралуға болады. Міне, осындай кереметтің барлығын көргіңіз келсе, Мақпал көлге жол тартыңыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер