Төлеби ауданы - туристер қызыға келетін, тау ауасынан сая іздейтін бірден-бір өңір. Өңірдің мақтанышына айналған Сайрам-Өгем МҰТП аумағында 11 туристік бағыттар (соқпақтар) ұйымдастырылған. Олар Мақпал көл, Сусіңген көлі, Сарыайғыр өзені, Сусіңген өзені Оңтүстік тур базасы,Бозторғай жылғалары. Владислав шыңы. Сондай-ақ, Қасқасу Сусіңген көлі, Сарыайғыр өзені бойындағы шатқал, Құс базары, Үшбастөбе ескі қонысы болып жалғасады.
Осының ішінде тоқталып өтетін туристік бағыттардың бірі - Сарыайғыр өзені. Бүкіл жол Каржантау жотасының маңайында өтеді. Бағыт Төлеби ауданының Қасқасу ауылына дейін, кейін Сарыайғыр және Сайрамсу өзендерінің қосылған жеріне дейін 12 км тастақ жол. Ұлттық парктің кондонынан қозғалыс (1 сағат 40 минут) Сарыайғыр өзенінің бойымен оған келіп құятын Ұлар өзеніне дейін. Сарыайғырдың оң жағалауында күзгі уақытта аюлардың сүйіп тамақтанатын жері – ежелгі жеміс-жидек бағы. Бұдан әрі жол өзеннің сол жағалауымен жалғасады. Арша мен бұта өсімдіктері жүріп-тұруда едәуір қиындық тудырады. Қосылған екі жартас бойымен өтетін жолда жылдам әрі аттарды жетекте ұстап өту қажет. 2 сағат 20 минуттан кейін аршалы алаңқайға шығуға болады. Жол альпілік шалғындар бойымен жалғасады. Көптеген Мензбира суыры, маңғаз тау ешкілерінің тобы жартастар арасында көз қуантады. 45 минуттан кейін шатқал тез оңға бұрылады. Бұрылыстан кейін туристер ашық оң жағаға шығып, анық көрінетін соқпақ жолмен батысқа беттейді 1 сағат ішінде батыс бағытта Новичок асуының бұрылысына дейін батыс бағытта жүреді және қонуға қалады.
Тікенек асуына жол ертемен Сарыайғыр өзені арқылы солтүстік батыстан өзенге құятын жылға бойының тік көтерілімімен басталады. 45 минуттан кейін жылғаның жоғары бөлігіндегі үлкен альпі шалғынына шығады. Оңтүстік – батыс бағытта пирамидалы құздың шығар есігі көрініп тұр. Тікенек асуына жолды құзды пирамиданы сол жағынан айнала өтіп, оңтүстік батысқа қарай жүзеге асыру керек. Қонған жерден асуға дейін көтерілетін жол шамамен 2 сағатты алады. Асудан оңтүстікке қарай Өгем жотасының көрікті жері ашылады, ал оңтүстік - батыста Бәйбіше шыңы (2891 м) жақсы көрінеді. Асудан төмен түсетін жол Тікенек өзенінің оң жағалауымен шамамен 3 км болады. Кейін өзен айналымында жылдам оңға солтүстікке бұрылу керек, үлкен емес салаға өтіп, Ақбұрқан жылғасының сайына түсіп, сала бойымен солтүстік батысқа сол жақ бұрылысқа дейін жүру керек. Солтүстіктен өзенге үлкен емес бұлақ келіп құйылады. Бұлақтың сол жағынан жол бойымен көтеріледі, солға бұрылып, Қорымсай сайының сол жағымен солтүстік батыс бағытта төмен түседі. Қорымсай біртіндеп Шағыртас өзенінің шатқалына ауысады. Беткейде аршаны кездестіргенде түнеуге тоқтауға болады. Асудан түсу 3 сағат 20 минутты құрайды.
Бұл маршрутта Айғыржыққан атты ерекше өзенді көруге болады. Өзеннің ерекшегілі сол ол күттеген жерде тартылады (судың көп бөлігі жер астындағы жолға келіп, Сусіңген көлінен 2 км төмен орналасқан Айғыржыққан өзеніне шығады). Мұнда туристер демалып, балық аулауларын болады. Көлде дақты форель тіршілік етеді.
Ұлыжұрт асуына көтерілу аршаның оң жағынан жақсы жолмен солтүстік батысқа жалғасады. Үш сағаттан кейін, сол жақта – Майлысай мен Қазақшұңқыр мен оң жақда – Бәйбішені артта қалдырып, туристер Ұлыжұрт асуына шыға алады және асудағы жылғада тоқтайды. Бұдан әрі жоғарғы оң соқпақ жолмен, сол жақда Кішіжұрт тауын (2858 м) артта қалдырып, батысқа жылжиды. Жол біртіндеп төменге түседі және 1,5 сағаттан кейін Бадам өзенінің басына әкеледі. 3,5 сағаттан кейін Қырыққыз шатқалын тамашалауға мүмаіндік бар. Тіпті демалушылар мұнда құдық жанында түней алады.