Сайрам судың бойы демалыс аймағына айналады

image.png

Түркістан облысының Қазығұрт тауы мен Ақсу-Жабағылы қорығының аралығында тарихы терең Төлеби ауданы орналасқан. Жұрт бұл өлкені «адамзаттың топан судан кейін өсіп-өнген бесігі» ретінде киелі жер санайды. Табиғатының сұлулығы, өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесінің әр алуандығы баршаға мәлім.

  Сайрам су – ауданның бірнеше ауылдарын бойлап ағып жатқан өзен. Ауданның ауылшаруашылық саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Әрі табиғат аясында демалуды ұнататын жандар өзен бойында жиі сауық құрып, демалуға келеді.  Енді бұл аймақ туристер үшін барынша қолайлы болмақ. Себебі алдағы жылдары Сайрам су өзені жағалауы рекреациялық аймаққа айналады. Бұл туралы аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов брифингте мәлімдеген болатын. 

«Сайрам су өзенінің бойында рекреациялық аймақ, яғни туристік аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 512 гектар жер телімі 30 жыл бойы ауылшаруашылық жер ретінде алынған. Бірақ көбісінің қорасы жоқ,  малы да тіркелемеген болып шықты. 30 жыл бойы бұл жерлер дұрыс пайдаланалымай келген десек те болады. Міне, сол территорияның барлығын  мемлекеттік меншіке қайтарып, демалыс аймақтатын салуды жоспарлап отрымыз»,- деді аудан басшысы өз сөзінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер