Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді

5.jpg

Көпқабатты үйлерге жылу беру маусымы басталып кетті. Сарыағашта жылыту маусымына орай тұрғын үйлердегі газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың улы газдан улануын алдын-алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарды және көп қабатты тұрғын үйлерді аралап түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жарнамалар таратылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мамандар өкінішті жағдайға тап болмау мақсатында жаңа жылыту маусымы кезінде пештер және мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Себебі, иіс тиюдің алдын алу үшін ең алдымен пеш дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, үйді жақсы желдету керек. Көпқабатты тұрғын үйлерде газдан улану, әсіресе күздің аяғында немесе қыстың басында орын алады. Желдеткіштері дұрыс жұмыс істемейтіндіктен газ плитаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Газбен улану қауіпті. Бір қарағанда болмашы тірлік болғанымен бұл талаптар орындалмаса, талайдың өмірін қиюы мүмкін. Сондықтан мамандар барлық азаматтарды өз өмірін сақтау жолында аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және сіздің отбасыңыздың өмірін сақтап қалатынын ұмытпааңыздар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер