Жастар волейболдан сынға түсті

8.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-дегені белгілі.

Жуырда Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңа құрылыс елді мекеніндегі N24 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа мектеп оқушыларынан құралған 6 команда қатысып, өзара сынға түсті.

Жеңімпаз командалар, үздік ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды. Жастар арасындағы осындай спорттық бәсекелерді ұйымдастыру алдағы уақытат да жалғаса бермек.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер