Қоғамдық бақылау тұрақты жүргізіледі

6.jpg

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, «Атамекен-Қазақстан» қандастарға арналған қоғамдық қордың басшысы Ж.Т.Искакова мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас маманы Г.Калимбетова Сарыағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғамдық бақылау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар пандус орнатылған.

Мекемеге келген қызмет алушылардың «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы электронды түрде алып жатқаны анықталды. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.

Аталған іс-шара барысында карантин талаптары сақталғандығы анықталып, қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды және нәтижесімен мекеме басшысына тиісті ұсыныстар берілді.

Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер