Құтарыстың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді

6.jpg

Сайрам ауданы Құтарыс ауылдық округі тұрғындарына көптен күткен арманы орындалар тұс жақындап қалды. Бұрындары тезек түтетіп, көмір жаққан тұрғындар енді көгілдір отынның қызығын көретін күн де алыс емес. Құтарыс және Қызылжар елді мекендерін газбен қамту үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. 89 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазір ауылдарға газ құбырын тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауылдағы ағайынның көптен күткен арманын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көріп қайтты. Құрылыстың бас мердігері - "Құрылыс ТА" ЖШС. Нысан келер жылға өтпелі. 

Сапар аясында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы газ тарту жұмыстарының барысын бақылап көріп, ұсыныс-пікірін білдірді. Мердігер компания өкілдерімен тілдесті, ұсыныс пен ұстаным бір жерде үндесті. Жауапты сала мамандарына жоспарлы жұмыстарды сапалы, әрі бекітілген мерзімінде тапсыру қажеттігін қаперге салды. 

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Тоған елді мекеніне табиғи газ желілерін салу үшін облыстық бюджет есебінен 178,1 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жеңімпаз атанған мердігер мекеме «Құрылыс Энерго KZ» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 45 тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар игі істі жалғастырды
  • Ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталды
  • Сақтық шараларын сақтаңыздар!
  • Індетке қарсы күрес қоғамдық бақылауға алынды
  • Қазығұрт мал азығымен толық қамтамасыз етіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер