Жерді жаралағандар қатаң жазаланады

7.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңғ жерге қатыстяы берген тапсырмаларынан кейін аудан, қалаларда жерге қатысты заңдылықтардың сақталуын тексеру, жер пайдалануды қадағалау шаралары күшейтілді. Өзінің жер телімінің айналасын ормен қоршаған кәсіпкерлер анықталып, заң алдында тиісті жауапқа тартылуда. 

Жуырда  Сайрам ауданы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоршау мақсатында жер пайдаланушылар учаскелерінің периметрі бойынша ор қазғаны анықталды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ор қазған азаматтарға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65 бабында көзделген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi, атап айтқанда, топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының төмендеуіне, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру үшін оны сыдырып алуға болмайтыны түсіндірілді. Ең бастысы, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру бойынша нақты талап қойылды.

Алайда, жер пайдаланушылар талапты орындап, орды көмуден бас тартып отыр. Осыған байланысты, жинақталған іс-құжаттар заң аясында тиісті шара қолдану үшін Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына жолданды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер