Сайрамда 99 мың адам екпе салу жоспарланған

5.jpg

Маусымның 22-сінен бастап Сайрам ауданының әкімі Ұласбек  Сәдібекұлының тапсырмасымен Сайрам ауданы әкімдігінің ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары баспасөз брифингін өткізетін болады.

БАҚ-ның қатысуымен өткен брифингтердің алғашқысы ауданда коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен орын алуы ықтимал үшінші толқынға медициналық дайындық шаралары туралы болды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бринфингке Сайрам ауданы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері –Түктібай Ералқасын Жақаншаұлы, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері – Ыдырысов Қалдыбай Сәдуақасұлы және Қарабұлақ орталық ауруханасының бас дәрігері - Қожахметова Эльмира Ағабекқызы қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

Сайрам ауданы бойынша 2021 жылғы 21 маусымына COVID-19 инфекциясымен 369 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен -73, симптомсыз-296. 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер арасында 118 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні медициналық бақылауда тұрғандар саны – 36. 833 адам сауығып шыққан, 29 адам қайтыс болды, 12 адам емделуде, стационарда жатқандар жоқ. 

Сайрам ауданында 2021 жылдың ақпан айынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы егуге 99100 тұрғын жоспарланған. Олардың 4917-сі медицина қызметкерлері, 12474-і диспансерлік есепте тұратын адамдар, 7717-оқытушылар және мектеп жұмысшылары, 1427-студенттер, 781-мемлекеттік қызметкерлер, учаскелік полиция қызметкерлері 161 және 71623 басқа адамдар. 

1 ақпаннан  бастап КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 компонентінен 35192 доза, 2 компоненті бойынша 19825 доза алынды. 20 маусымдағы жағдай бойынша бірінші компонент 33722 адамға, екінші компонент 14695 адамға егілді. 

Жыл басынан 21 маусымға дейінгі есеп бойынша, полиция басқармасы тарапынан 343 баянат келіп түскен. Оның негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 425 бап, 1 бөлігімен 287 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: 277 хаттама жеке тұлғаларға, 10 хаттама жеке кәсіпкерлерге қатысты. Жалпы сомасы 15 737 215 теңгеге әкімшілік іс қозғалып, айыппұл өндірілді. 

Сайрам ауданы бойынша 21.06.2021жылға кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы 51 кәсіпкерлерге өтініш жіберілді, оның ішінде 45 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» мобильдік қосымшасына тіркелді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар игі істі жалғастырды
  • Ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталды
  • Сақтық шараларын сақтаңыздар!
  • Індетке қарсы күрес қоғамдық бақылауға алынды
  • Қазығұрт мал азығымен толық қамтамасыз етіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер