Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды құттықтап, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында ұйымдастырған баспасөз мәслихатында үш жылда еңсерілген істерге тоқталды. «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясы облыс орталығындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында өтті.  Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрағына және жауапқа басымдық берді. Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң өсімі орын алды.

image.png

- «Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін айтулы жыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бүгін біз үшін тағы бір тарихи сәт - Түркістан облысының құрылғанына тура 3 жыл толып отыр. 2019 жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы құрылды. Айтулы оқиға өңірімізге жаңа серпін және жан-жақты дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы – күллі түркі әлемінің рухани астанасына айналды. Жалпы алғанда, Елбасының Жарлығымен жаңа статусқа ие болған көне шаһар жаңа кейіпте бой көтеріп жатыр. Түркістан өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, алдағы 5 жылда атқарылар істер айқындалды. Пандемиядан туындаған дағдарысқа қарамастан, тұрақты даму қағидаттары өз басымдықтарын сақтайды. Осы орайда Мемлекет басшысы экономикалық дамудың жоғары қарқынын қалпына келтіру, инвестициялар тарту және халықтың табысын арттыру бойынша міндеттер қойды», - деді БАҚ өкілдерінің алдында сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар игі істі жалғастырды
  • Ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталды
  • Сақтық шараларын сақтаңыздар!
  • Індетке қарсы күрес қоғамдық бақылауға алынды
  • Қазығұрт мал азығымен толық қамтамасыз етіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер