Шымқалада «I Qala» жобасы енгізілуде

Screenshot_9.png

Елбасы тапсырмасымен республикамызда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді.

Айталық Шымкент қаласында қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығы «Iqala» жобасы енгізілуде. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолға алынды. Бұл орталықтың IQala деп аталуы интеллектуалдылығын білдіреді. Бұл байланыстарды барынша азайтуды, түрлі қызметтерді, консультациялар мен рұқсаттарды алуды барынша жеделдетуді көздейтін өздігінен дамитын зияткерлік жүйе болады. Мұндай жүйелер кәсіпкерлерге өз шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл бағаға, тарифтерге және жобалардың соңғы құнына әсер етеді. 

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытта өнім беруші компания анықталып, қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау жұмыстары басталды. Мекемелермен («Спецавтотранспорт», «Энергепоток», «Оңтустік Жарық», «Су ресурстар Маркетинг» ЖШС, АО «СПК-Шымкент») келіссөздер жүргізілуде.

Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер күтілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер