Жаңа әуежай - жаңа мүмкіндіктер

Screenshot_8.png

Шымкент - үшінші мегаполис статусын иеленген жылдардан бері шаһарда талай өзгерістер орын алды. Жаңа нысандар, жеркөлемі мен халқының өсуі, халықаралық байланыстар...  Осы ретте еліміздің ірі агломерациялық орталығына айналып келе жатқан Шымкент қаласында жаңа әуежайдың іртетасы қаланғаны белгілі. Әуежайдың құрылысы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің ұдайы назарында.   Бүгінгі таңда, жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалып отыр. Ал, жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Қасбеттік жүйелерді монтаждауды аяқталуға таяу қалған. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалының құрылысын орындаудың жалпы пайыздық көрсеткіші 60 пайызды құрауда.

Одан бөлек  әуежай аумағын абаттандыруға арналған жоба да ойдағыдай  жүзеге асырылуда. Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн. теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал, жобалық құны 1,7 млрд.теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар жүргізілген, оны аяқтау ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына жоспарланған болатын. 

Бұдан басқа инженерлік желілерді салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, аталған желілерді салуды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «SCAT» әуе компаниясының жеке инвестициясы есебінен іске асырылуда. 2020-2025 жылдарға арналған жоба мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер