Жанар Бектаева – Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

бектаева.jpg

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика және бизнес» факультетін тәмамдағаған.

Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2013 жылдары аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, 2013-2014 жылдары ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2015-2016 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2018 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2019 жылдың қаңтар айынан Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласы аумағында өткен ауқымды сенбілікте 46,9 тонна қоқыс шығарылды
  • Қоғамдық келісім – ішкі саяси тұрақтылық негізі!
  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер