Қуыршақтар әлемі

Screenshot_11.jpg

Мәдени нысандарының саны және сапасымен мақтана алатын Шымкентте де қуыршақ театры бар. Театрдың мақсаты –  қойылымдар арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани тәрбие беру, жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуын қалыптастыру мен ұлттық мүддені насихаттау, мәдениетке, өнерге қызықтыру, Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға, құрметтеуге, адалдыққа, достыққа, адамгершілікке т.б. адами қасиеттерге жастайынан баулу болып табылады.

Аталмыш театр ширек ғасырдан астам уақыт бойы балақайларды қуантып келе жатыр. Жылдан жылға өркендеп келе жатқан театрдың соңғы кездері көрермендері де көбеюде. Қазіргі таңда Шымкент қалалық  қуыршақ және жасөспірімдер театры жылына 450-ден астам қойылым қоюда. Оны 40 мыңнан астам көрермен тамашалаған. Бүгінде театр репертуарында отандық және шетелдік драматургтардың қазақ және орыс тілдеріндегі 120-дан астам қойылымы бар.  Мұндай ақпаратты жақында ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте театрының директоры Бахтияр Спанов айтты.

36 жылдық тарихы бар өнер ордасы осы жазда  тұңғыш рет Жастар жылына орай драматургия саласына бет бұрып, жастарға шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» драмасын сахналады. Осы кезге дейін сахна сыртында қуыршақтарға жан бітіріп жүрген әртістер өз келбетімен көрермен алдына шықты. Махаббат құндылығы мен жан тазалығы және адамгершілік дәріптелген қойылымды тамашалағандар көп болды.  

Шымқаланың мәдени ошақта арасында ойып алар орны бар театрда бүгінде қуыршақтардың алуан түрі бар. Шығармашылық ұжым талантты актерлар мен қуыршақ жасау шеберлерін,  режиссерлар мен суретшілерді, сонымен қатар сахна безендірушілердің бірнеше буынын тәрбиелеп, қарлығаш қанат қақтырды. Талантты ұжым алдағы уақытта да қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа қойлымдарымен қуантып, рухани ләззат сыйлауға асық.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер