Театр ел аралап жүр

Screenshot_10.jpg

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тарапынан көптеген жобалар бойынша жұмыстар атқарылуда.

Мәселен «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында 2019 жылы театрлар шетелдік шығармашылық ұжымдарымен меморандум түзіп, гастрольдік сапарлары ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, «Шымкент цирк» наурыз айында Үндістан мемлекетінде өткен джаз фестивальге, мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласына, орыс драма театры наурыз-сәуір айларында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Байқоныр, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларына гастрольдік іс-сапарда болды. 

Өзбекстан Республикасында Қазақстан жылына орай ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында Шымкент қалалық өзбек драма театр ұжымының Өзбекстан Республикасына гастрольдік іс сапары ұйымдастырылды және маусым айында Ресей Федерациясының Қырым қаласына гастролі жасалып, Қостанай қаласында өтетін Ұлттық театрлар фестиваліне қатысты

     Сонымен қатар, қыркүйек айында Өзбекстанда өтетін Шымкент қаласының күніне орай, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Шымкент қалалық өзбек драма театрының гастрольдік іс-сапарлары жоспарлануда


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Театр ел аралап жүр