Шымкенттің әлеуметтік картасы әзірленеді

67781825_937175373289647_8358413383476707328_o.jpg

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов аппараттық жиналыста шаһардағы төрт ауданның әлеуметтік картасын жасауды тапсырды. Осылайша, Ерлан Қуанышұлы күрмеуі шешілмей келе жатқан проблемаларды біртіндеп жүйелі түрде шешуге болатынын жеткізді. Бұл туралы әкімнің өзі фейсбук желісінідегі жеке парақшасында жариялады. 

«Бүгін Шымкент қаласы әкімі ретінде алғашқы аппараттық жиын өткіздім. Жиналыстың күн тәртібінде үш мәселені қарадық және шешу жолдарын талқыладық.

Бірінші мәселе – қалаға қосылған 41 елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында әр ауданды секторға бөліп, өзекті мәселелер көрсетілген әлеуметтік карта әзірлеуді тапсырдым. 

Сонымен қатар, салалық басқарма басшыларына тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру үшін қаланы қоқыстан тазартуды, шеткі аймақтағы халық үшін тұрақты түрде көшпелі медицина қызметі мен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруды жүктедім.

Аппарат отырысында жылу беру маусымына дайындық барысы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды. Жылу маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырдым» деп жазды ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер