Айтаханов зиялыларды белсенді болуға шақырды

67944824_2282921148687505_7409609027086188544_o.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Ел ағалары өз тараптарынан тілектерін жеткізіп, жаңадан тағайындалған шаһар басшысына ақ баталарын берді.

Әңгіме барысында қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттыру және қала мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, қала әкімі арнайы келген ел ағаларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласын өркендету және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп отыр. Яғни, қаланың шеткі аймақтарындағы шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту басты тапсырмаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратын боламыз, деді Е.Айтаханов.

Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлы түрлі салаларда еңбек етіп, зейнетке шыққан аға буын өкілдерімен бірге әлеуметтік салалардағы ауқымды мәселелерді талқылады.

Сөз соңында қала басшысы зиялы қауым өкілдерін келер жылы өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы жылын абыроймен өткізу үшін бір кісідей атсалысуға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер