Сусынның 14 түрін шығарады

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласында энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс ашылды.

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыттың өзіндік құны – 1 млрд теңге. «Болашақ-7» ЖШС өнімнің 14 түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов серіктестіктің жұмысымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылып отыр.

Зауыт өнімдері Шымкент қаласымен қатар Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталады.

Айта кетсек, жалпы қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларындағы 35 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады. Үшінші мегаполистің негізгі сауда серіктестері Нидерланды, Ресей Федерациясы, Қытай және Өзбекстан елдері болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналым көлемі 903,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде импорт – 568,5 млн доллар, экспорт 334,6 млн АҚШ доллары болып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер