Қос үшем - қос қуаныш

Screenshot_21.jpg

Мегаполисте қос үшем дүниеге келді. Миллионды қаланың демографиясының дамуына үлес қосқан аналарды денсаулық сақтау басқармасының басшылығы құттықтап, үшемдерге сый-сияпат жасады.

 Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан келген Аида Баянболова үш бірдей қызды дүниеге әкелсе, қала тұрғыны Гүлмира Қуандықова екі қыз бен бір ұлды аман-есен бауырына басты. 

Айта кетейік, үшем қыздарды дүниеге алып келген Аида Баянболова 12 жыл бойы сәбилі болуды армандаған. Дәрігерлердің біліктілігі арқасында ананың үміті ақталып, қаншама жылдар бойы асыға күткен сәбилерімен қауышты. Айзере, Алуа, Айзия есімді үшем мерзімінен бұрын дүниеге келген. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелер жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, алдағы 20 күнді арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді. Қалалық перинаталды орталығы дәрігерлерінің бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосып, үйіне шығуда. 

Ал, 22 жастағы Гүлмира Қуандықованың  шаңырағы екі қыз және бір ұл баласымен толығып отыр. Сәбина, Әлинұр, Адина есімін иеленген сәбилер күніне жетпей туылғанымен, дәрігерлер көмегінің нәтижесінде бүгінде жағдайлары қалыпқа түскен. Үшем мен аналары әлі бірнеше күн бойы  дәрігерлердің бақылауында болады. 

– Бастапқыда балалар кішкентай болды. Сондықтан оларды аналарына беру үшін де біраз уақыт қажет болды. Аналары қазіргі уақытта бала күтімін қалай жасау керектігін толықтай үйренді. Бала күтіміне арналған негізгі білімдерді алды. Балаларға арнайы тексеру жүргізіп, үйіне шығарып жатырмыз, – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная.

Екі отбасының үшемдері де үйінің  тұңғыштары. Жалпы, қала бойынша   орташа есеппен 25000 сәби дүниеге келеді екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер