«Шабыт шеруі» - патриоттыққа бастар жол

Screenshot_10.jpg    

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың қатысуымен  Шымкентте республика  «Шабыт шеруі» атты жас музыканттардың шеруі өтті.  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, балалар мен жастардың орындаушылық шығармашылығын қолдау мақсатында  өткен шарада 10 мыңнан астам мектеп оқушылары мен коллежд студенттері сап түзеп тұрды.  Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылған  шеру төрт блоктан тұрды.  Әр білім ошағының балалары мен жастары шеруде жүріп өткен кезде сол мекеменің жетістіктері айтылды.

Бұл күні барабаншылар тобы, үрмелі аспаптар оркестрі мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтті. Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі – сазды-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. Шеру соңы мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасты.Республика даңлынан басталған шеру Б.Момышұлы көшесі мен Әл-Фараби алаңы арқылы Айбергенов көшесіне дейін жалғасты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы» қорытындыланып, үздіктер марапатталды
  • Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
  • Шымкент тұрғындарының жайлылығы жолындағы адал еңбек
  • Заң талаптарын бұзған нысандар жауапқа тартылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер