Балаларға арналған күн

Screenshot_9.jpg 

Үшінші мегаполисте алғаш рет «OTBASY FEST» әлеуметтік және қайырымдылық фестивалі ұйымдастырылды. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған шараға 100-ге жуық мекеменің өкілдері қатысты.

«Фестивалдің мақсаты – ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлерін бір ортаға тоғыстырып, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі мен жылулық сыйлау, отбасы жарасымын қалыптастыру», - деді басқарма басшысы Ж.Қалтаев.

Мереке аясында балалар арасында түрлі спорттық ойындар, ата-аналар арасында байқаулар ұйымдастырылды. Қаладағы барлық мекемелердің өкілдері қатысып, тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақылар, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар қалалық №1, №2 емхана дәрігерлері халыққа кеңес беріп, қызмет көрсетті. Отбасы фестивалінің қызықты тұсы – шеберлік сабақтарына қатысушылар қарасы көп болды. Олар визажист, шаштараз, тырнақ әрлеушілері, қолөнер шеберлері және аспаздар шеберлік-сабақтардан пайдалы дүниелер үйренді.

Іс-шара екі күнге жалғасып, қорытынды күні белсенді қатысушылар марапатталып, балғындарға түрлі сыйлықтар табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер