Сала дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар марапатталды

image.png

    Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген білікті мамандардың еңбегі лайықты бағаланды. Шаһардың аграрлық секторын өркендетуге сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтарды Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев салтанатты түрде марапаттады.

     Іс-шарада басқарма басшысы ауыл шаруашылығы саласының маңызын атап өтіп, еңбек адамдарына ризашылығын білдірді.

    Марапатқа ие болған қызметкерлер — мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, омарта ісі, агротехнология және ветеринария бағыттарында табысты еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар. Олар өз саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, жаңа технологияларды енгізу, өнім сапасын арттыру, еңбек өнімділігін күшейту сияқты бағыттарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Марапат иелеріне басқарманың Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

    Атап айтсақ:  Шымкент қаласы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Абай ауданы №2 ветеринариялық бекетінің ветеринар дәрігері Абдрасилов Сыпатай

Садуахасұлы «Еңбек ардагері» медалімен; «Sanaly Trade» ЖШС-ның жылыжай кешенінің іс басқарушысы Кубеев Марат Мұхтарұлы «Ауыл шаруашылығы саласының» үздігі төсбелгісімен; Шымкент қаласы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның №1 ветеринариялық бекетінің мал дәрігері, Жолдасов Аширбек Алибекұлы «Ауыл шаруашылығы саласының» үздігі төсбелгісімен; «Meir Trade Distribution Company» ЖШС-ның қоймашысы, Мелдеханов Алтынбек Заутбайұлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен; Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет»  ШЖҚ МКК-ның директоры Әбдеш Азамат Нұрбекұлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен; Шымкент қаласы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның № 6 ветеринариялық бекет меңгерушісі Жақсылық Бекзат Бағланұлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен; «ДОС» жауапкершілігі шектеулі с Шымкент қаласы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның №4 ветеринариялық бекет меңгерушісі, Ахмаджанов Гиёс Фурхатжанұлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен мараппатталды. Басқарма басшысы Талғат Мекамбаев ауыл шаруашылығына бағытталған қолдаулар мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сала мамандарының еңбегін жоғары бағалады.

     «Агроөнеркәсіп — Шымкент экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Қаламыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін көбейту, экспорттық әлеуетті арттыру — бәрі де сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңізге байланысты. Бүгін марапат алып отырған азаматтар — саланың алдыңғы шебінде жүрген мамандар. Олар үлгі болатын, өз ісінің кәсіби шеберлері. Еңбектеріңіз жана берсін!», — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қалада ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, жастардың агросалаға қызығушылығын арттыру және отандық өнімдерді көбейту бағытында жұмыстар жалғасады.

     Өз кезегінде «Ауыл шаруашылығы саласының» үздігі атанған  Марат Мұхтарұлы алғысын жеткізді.   «Бұл марапат — тек менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегіне берілген баға. Біз күнделікті шаруамызды адал атқарып, өнім сапасын арттыруға күш салып келеміз. Осындай қолдау бізді одан әрі ынталандырады. Ауыл шаруашылығы – үздіксіз еңбекті талап ететін сала. Жермен жұмыс істеген адамның әр маусымы — жаңа сынақ. Бүгінгі марапат мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Басқарма тарапынан көрсетілген қолдау біздің еңбегіміздің еленгенін білдіреді» деді ол.

    Соңғы жылдары Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты бойында өсім байқалады. Бұл жаңа жылыжай кешендерінің ашылуы, сүт және ет өндіретін шаруа қожалықтарының көбеюі, омарта және құс шаруашылықтарының дамуы, суармалы егістік алқаптарының ұлғаюы тәрізді мүмкіндіктер арқылы жүзеге асуда. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетілетін гранттар мен жеңілдетілген несиелер ауыл кәсіпкерлеріне ынталандыру беруде.

    Шымкент қаласында өткен марапаттау шарасы ауыл шаруашылығында тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі ғана емес, сонымен бірге аграрлық саланың қоғамдағы рөлін айқындады. Өз ісіне адал, қажырлы еңбегімен көзге түскен мамандар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агросектордың өркендеуіне және жергілікті экономиканың дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер