Шымкентте 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды

image.png

Қала инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар салу және көлік қозғалысын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан жер учаскелерін қайтару – урбанистикалық жоспарлаудың ажырамас бөлігі. Бұл процесс заң талаптарына сәйкес жүргізіліп, қоғам игілігіне бағытталған стратегиялық шешімдермен жүзеге асады. Соңғы жылдары еліміздің ірі қалаларында, оның ішінде Шымкентте, инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының қарқын алуымен бірге, мемлекет мұқтаждығына жер қайтару мәселесі де өзекті бола түсті.

Мамандардың мәліметінше 2025 жылдың басынан бері  қалалық  жер қатынастары басқармасы тарапынан 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынған. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылуда.

Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді. Қазіргі таңда мегаполиске маңызды нысандардың құрылысына қарастырылған жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары атқарылуда.

Негізгі бағыттар:

1. Қонаев даңғылы жалғасының 5-кезеңінің құрылысына 270 жер учаскесі түседі, қазіргі таңда 253 учаскенің иесіне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажына алынды.

2. А-2 автожолының (Бадам өзенінен Қазығұрт шағынауданындағы айналма жолға дейін) құрылысы 80 жер учаскесін қамтиды, бүгінде 25 учаскеге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажына алынды

3. С.Бәйтереков көшесінің жалғасы – Ы.Алтынсарин көшесін (Алматы көшесінен Тұран шағынауданына дейін) қайта құру құрылысына 56 учаске қажет болса, 42 жер учаскесінің иесіне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылды.

4. Қазиев көшесінің жалғасын салу үшін (Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі аралығы) жалпы 25 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынуға жатады. Қазіргі таңда 21 учаске толық мемлекет меншігіне қайтарылған.

Жер учаскелерінің мемлекет мұқтаждығына қайтарылуы – стратегиялық маңызы бар шешім. Бұл шаралар қаланы жоспарлы түрде дамытуға, көлік жүктемесін азайтуға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Барлық процестер заң талаптарына сай жүргізіліп, жер иелерінің құқығы мен қоғам игілігі арасындағы үйлесімділік сақталады.

Сондай-ақ мамандар Шымкент қаласындағы бірқатар көшенің қиылысында көлік кептелісінің алдын алу және қозғалысты оңтайландыру мақсатында бағдаршам нұсқауына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды: Республика даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысындағы бағдаршамға қосымша жасыл түсті «(+)» нұсқау орнатылды; Жангелдин көшесінен Әл-Фараби алаңына тоқтаусыз оңға бұрылуға бағдаршамға қосымша секция орнатылды; Түркістан көшесінің Д.Қонаев даңғылымен қиылысатын тұсындағы бағдаршамдағы қосымша секция жасыл түсті «(+)» бағдаршамға ауыстырылды. Әл-Фараби көшесі және А-2 тасжолының қиыысындағы бағдаршамға қосымша жасыл түсті «(+)» нұсқау орнатылды.

    Сондай-ақ қала әкімдігінің тарапынан мегаполистегі көлік инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарға қолайлы жол қозғалысын қалыптастыру жұмысы жүйелі жалғасуда. Сала өкілдері Шымкентте жолаушылардың өтініштері бойынша қызмет сапасын арттыру мақсатында талдау жасалып, бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы жаңартылғанын мәлімдеді. 

Атап айтқанда: №51 автобус бағыты Қазына көшесімен жүріп, Ізенді, Шұбаркөл көшелеріне өзгерді;

№54 автобус бағытының сызбасы Жасталап көшесімен келіп, Тастанбаева, Гүлдала көшелерімен жүретін болып өзгертілді;

№149 автобустың жолы А-2 автомобиль жолымен жүріп, балалар ауруханасы арқылы Жезкиік көшесіне қарай өзгертілді.

Өзгерістерді қаперге алуды сұраймыз дейді мамандар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды
  • Сhocolatine Кazakhstan-2025 байқауында Орталық Азияның үздік кондитерлері анықталды
  • Қызылжар-2 шағынауданы толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылды
  • Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда
  • Қоғам тірегіне айналған автобус жүргізушісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер