Танымдық шеберлік сағаты ұйымдастырылды

image.png

“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында, сондай-ақ студенттердің болашақ кәсібімен алғашқы танысуына мүмкіндік беру мақсатында «Тамақтандыру индустриясы және сервис»  колледжінің арнайы жабдықталған оқу зертханасында 1-курс студенттеріне арналған танымдық шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен тағам әзірлеудің бастапқы технологиялық процестерімен танысып, заманауи аспаздық жабдықтардың жұмыс принципін тәжірибе жүзінде көрді. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы, тағам өнімдерінің сапасын бақылау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау сияқты кәсіби дағдылар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шеберлік сағатының мақсаты – студенттердің қызығушылығын арттыру, болашақ мамандықтың мазмұнын терең түсіндіру және өндірістік ортаға бейімдеу. Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби бағдарын нығайтып, өз қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік оқыту шебері Г.Қошантаева өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге «лимон курды қосылған “Лимончелло” тосабын» дайындаудың технологиялық процесін көрсетті. Шара барысында студенттер тағам дайындау кезіндегі санитарлық талаптарды, өнім сапасына қойылатын талаптарды және тосап дайындаудың кәсіби қыр-сырын меңгерді.

Мамандыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада болашақ мамандар тағам дайындау саласындағы креатив пен дәлдіктің маңыздылығын сезіне білді. Шеберлік сағаты студенттер үшін үлкен мотивация мен шабыт көзі болды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, алдағы оқу кезеңіне қатысты ұсыныстарын білдірді. Колледж мұндай шеберлік сабақтарын жүйелі түрде өткізу арқылы білікті мамандар даярлау ісін әрі қарай жандандыра бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастармен ашық диалог өрбіді
  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Болашақ мамандарды өндірістік ортаға бейімдеу маңызды
  • Адам бейнесін өнерге айналдырған маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер