Адам тағдыры мен қаланың қауіпсіздігіне жауапты мамандық

image.png

    Қаланың тыныс-тіршілігі үздіксіз әрі қауіпсіз жүруі – инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмысына тікелей байланысты. Осы жауапты жүйенің көрінбейтін майданында күнделікті еңбек етіп, апатты жағдайлар кезінде жылдам әрекет ететін мамандар бар. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы апатты қалпына келтіру жұмыстары учаскесінің слесарлері.

    Слесарь мамандары – мегаполистің сумен жабдықтау және кәріз жүйесін кез келген уақытта қалпына келтіруге дайын негізгі күш. Олар тәуліктің кез келген уақытында, ауа райына қарамастан, тұрғындардың жайлылығы үшін еңбек етеді. Құбыр желілеріндегі жарылу, қысымның төмендеуі, ақаулар мен басқа да күтпеген жағдайлар орын алғанда, ең алдымен апатты қызмет мамандары шақырылады. Бұл жұмысқа жоғары жауапкершілік, төтенше жағдайларда тез шешім қабылдау, физикалық төзімділік және техникалық білім қажет.

Осындай өз ісіне адал, тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары маман — Тұрғанбеков Нұрлан  апатты қалпына келтіру жұмыстары учаскесінің білікті слесарі ретінде ұжым арасында зор беделге ие.

Нұрлан Жұрабекұлы 1969 жылдың 16 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Піскент ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Ташкент құрылыс техникумына түсіп, 1991 жылы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша білім алған.

1987–1989 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, елге адал қызмет етудің алғашқы қадамын сол кезден бастаған.

Отбасында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке, абыройлы азамат.

2014 жылы Шымкент қаласына қоныс аударып, еңбек жолын жалғастырды.

• 2015–2016 жж. – «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-де газэлектрдәнекерлеуші;

• 2017–2019 жж. – «Ешимбетов» жеке кәсіпкерлігінде слесарь;

• 2019–2020 жж. – «Бағлан» жеке кәсіпкерлігінде слесарь;

• 2020 жылдан бүгінге дейін – Шымкент қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында апатты қалпына келтіру учаскесінің слесарі қызметін абыроймен атқарып келеді.

     Көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.

     Су құбыры жарылған сәтте ондаған үй жарықсыз, сусыз немесе жол үстінде су жайылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда қалпына келтіру слесарінің шеберлігі мен жеделдігі аса маңызды. Олар бір ғана ақауды жөндеу арқылы жүздеген адамның тұрмысына жайлылық пен қауіпсіздік сыйлайды. Шымкент қаласы соңғы жылдары қарқынды дамып, жаңа шағынаудандар мен тұрғын үйлер көптеп салынуда. Соған сай инженерлік желілер де күрделіленіп, жаңартылып келеді. Осындай кезеңде апатты-қалпына келтіру қызметі мамандарының еңбегі ерекше бағалы. Олар – өз ісінің шынайы шеберлері, қаланың «тыныс алуын» қамтамасыз ететін көрінбейтін батырлар.

    Нұрлан Жұрабекұлы — өз ісінің шебері, ұжым арасында сыйлы, тындырымды әрі сабырлы маман. Оның еңбек жолы — табандылық пен кәсіби адалдықтың жарқын үлгісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • 26,7 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой модели
  • Өнер және білім саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды
  • Юнисеф жастарының хабы ашылды
  • Еңбекші ауданында цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер