Алғыс арқалаған Алпамыс

image.png 

     Қоғам қауіпсіздігі мен адам өмірінің қорғалуы – ең алдымен өз ісіне адал, батыл да төзімді мамандардың еңбегіне байланысты. Солардың қатарында – өрт сөндірушілер мен құтқарушыла бар. Олар күнделікті өмірде көзге көп көрінбеуі мүмкін, бірақ кез келген төтенше жағдайда ең алдымен жетіп келіп, қауіптің ортасына кіретін де – осы жандар. Өрт сөндіруші болу – жай ғана мамандық емес, бұл – жүрек таңдауы. Жалын шарпыған от ішінде, қалың түтіннің ортасында бір адамның өмірін арашалау үшін өз қауіпсіздігін екінші орынға қоятындар – нағыз ерлер. Олар әрбір шақырту – белгісіздік пен қауіп екенін біле тұра, шегінбейді. Осындай ержүрек маманның бірі - Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Тұран» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының №5 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері – Алпамыс Талипов.  Өз ісіне адал, ел игілігі үшін жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген Алпамыстың арқалаған алғысы көп. 

«2024 жылдың қараша айында өрт сөндіру бөліміне өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматша туралы қоңырау келіп түсті. Дереу шақырту орнына шықтық. Сол сәтте 5 қабаттан суицид жасағалы тұрған азаматшаны көріп, әрекетке көштік. 5 қабатқа көтеріліп, оны аман алып қалдық. Осы ерлігім үшін Төтенше жағдайлар министрігі «Құтқарушы» медалімен марапаттады»,- дейді қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты  Алпамыс Талипов. 

     Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үнемі жаттығулардан өтеді. Арнайы техникамен жұмыс істеу, биік ғимараттарға өрмелеу, адамдарды тасымалдау, алғашқы медициналық көмек көрсету – бәрі де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мамандар үшін бір минуттың өзі шешуші рөл атқарады.

     Әсіресе, қаладағы көпқабатты үйлерде, өндіріс орындарында, қоймаларда және орман алқаптарында шығатын өрттер – тәуекелі жоғары аймақтар. Осындай жағдайда олардың кәсібилігі мен тактикалық шеберлігі адам өмірін сақтап қалуға тікелей әсер етеді.

«Өрт сөндіруші болу  үшін ең алдымен батылдық жауапкершілік, сабырлық. Бұл жұмыстың өз қиындықтары болады. Қиындықтарына төтеп берген азамат нағыз өрт сөндіруші бола алады. Өрт кезіндеменде  ешқандай қорқыныш болмайды. Төтенше жағдайларға ұшыраған адамдарды құтқару менің басты парызым. Егер бұл мамандықты таңдасаңыз жүрегіңізбен таңдаңыз. Өрт сөндіруші  жәй ғана жұмыс емес бұл басты миссия»,- дейді кейіпкеріміз. 

Өрт сөндіруші мен құтқарушылардың еңбегі – нағыз халықтық қызмет. Олар өз міндетін үнсіз атқарады, жарнама жасамайды, ерлігін айтуға асықпайды. Бірақ олардың әрбір іс-әрекеті – рух беретін, өскелең ұрпаққа үлгі болатын батылдық. Өрт сөндіруші мен құтқарушы – қай дәуірде де қадірлі мамандық. Олар адам өмірін бәрінен жоғары қоятын, қызметінің бағасы өлшеусіз еңбек адамдары. Бүгінгі таңда төтенше жағдай қызметінде еңбек етіп жүрген азаматтар – қоғамның тірегі, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші басты күш. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Дөңес кезекшісі – тасымал қауіпсіздігінің қырағы сақшысы
  • Тассайдағы 1700 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
  • Алғыс арқалаған Алпамыс
  • Қаланың қыс маусымына дайындығы жоғары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер