Қаланың қыс маусымына дайындығы жоғары

image.png    

   Қысқы маусым — инженерлік инфрақұрылымның беріктігі мен коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмысын талап ететін кезең. Осыған байланысты Шымкент қаласында жыл сайын кешенді дайындық шаралары жүргізіліп, жылу, жарық, газ және қоғамдық қауіпсіздік бағыттары бойынша нақты жоспарлар қабылданады. Шымкенттің қыс мезгілі өзге өңірлердегідей қытымыр  болмаса да, ауа райының құбылмалы болуы коммуналдық қызметтерден жоғары дайындықты талап етеді. Қыс шанаңды жаз сайла демекші, қыс маусыман дайындық жаз айларынан бастап жүргіщілетіні анық. Ал биылғы қыс маусымына қала дайын ба? 

   Қаладағы «Тұран» ауданындағы коммуналдық мекеме өкілдерінің айтуынша бүгінде қар тазалау жұмыстарына техникалар сақадай сай тұр дейді. «Тұран»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ішкі орамдық 1108 көше, 355 аула бар. Көшелер мен аулаларды қыс мезгілінде қардан  тазалау мақсатында қазіргі таңда техникалар мен инертті материалдар толығымен әзірленді. Оның ішінде жалға жүріп жатқан техникалар да бар. Олардың саны 48. Онымен қоса лизинг бағдарламасы аясында тағы 45 техника алу жосапланып отыр. Инертті материалдар бойынша жоспарланған 7 мың куб құм бар. Оның 2,5 мың кубы дайындалды және 3 мың тонна тұз дайын тұр. Ішкі орамдық көшелерді, аулаларды қардан мерзімінде тазалау үшін 200 адам жұмылдырылады. Қызметкерлер толық құрал саймандарымен қамтамасыз етілген»,- дейді «Тұран» аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Игілік Тұрғынбеков. 

    Қалалық тазалау мекемелері көк тайғақ пен қардың алдын алу  мақсатында 70-ке жуық арнайы техникаларды дайындар қойған. Қысқы маусымға тас түйін дайынбыз  деген мамандар техникалық көлік жүргізушілеріне тапшылық жоқ екенін айтады. 

«Биылғы қыс маусымына барлық техникалар дайын деп  айта аламын. Жол аяқты тазалауға арналған арнайы тракторлар, погрузщик, эксковатор, самосвал секілді көліктер де дайын. Биыл олардың қатарына жаңа 3 техника қосылды. Бізде 70 көлік жүргізушісі бар, Сондықтан қызметкерлерге тапшылыұ жоқ»,- дейді «Шымкент спец комплекс» мекемесінің бөлім басшысы Еламан Кермен.

    Биылғы қысқа барлығы күндіз және түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылып, қар тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Қатты боран немесе қар қалың түскен жағдайда  жедел әрекет ету топтары жұмысқа кіріседі. Мекеме өкілдерінің айтуынша өткен қыс мезгіліндегі қиындықтар ескеріледі. Сондай-ақ, бірінші кезекте әлеуметтік мекемелерге апаратын жолдарды тазалау жұмыстары назарға алынады. 

    Шымкент қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылып, барлық салалар бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Инженерлік инфрақұрылымның беріктігі, коммуналдық қызметтердің тәулік бойғы жұмысы, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар — алдағы қыс маусымын қауіпсіз әрі тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Тассайдағы 1700 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
  • Қаланың қыс маусымына дайындығы жоғары
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Дәнекерлеуші: өндірістің тірегі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер