Құрсайға электр энергиясының желісі тартылып жатыр

image.png

Инженерлік инфрақұрылым – қалалардың қарқынды дамуы мен халықтың жайлы өмір сүруінің басты шарты. Қазіргі таңда елді мекендерді сумен, электр энергиясымен, жылумен, газбен және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Себебі инфрақұрылым сапасы артқан сайын экономикалық белсенділік күшейіп, инвестициялық тартымдылық артады, жаңа кәсіпорындар ашылып, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарады. 

Шымкент қаласы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі. Халық санының өсуі, жаңа тұрғын аудандардың пайда болуы және өндірістік аймақтардың кеңеюі инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғыртуды талап етеді. Осы бағытта қалада инженерлік желілерді дамыту, энергиямен қамту қуатын арттыру және жаңа нысандарды қосу бойынша ауқымды жобалар жүзеге асуда. Шымкентте соңғы жылдары электр энергиясына деген сұраныс айтарлықтай өсті. Осыған байланысты қалада электр тарату желілері жаңартылып, жаңа қосалқы станциялар мен шағын трансформаторлық пункттер салынуда. Шымкентте соңғы жылдары 20-дан астам жаңа тұрғын массивтері игерілуде. Бұл аумақтарды сумен, электрмен, кәріз жүйесімен және газбен қамту – басым міндеттердің бірі. Айталық, Құрсай елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылуда. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр.

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша мердігер мекеме – «Электромонтаж» АҚ тарапынан бүгінге дейін 22 шақырым жерге жоғары кернеулі кабель желісі мен 38 шақырымдық төменгі кернеулі (0,4 кВ) әуе желісі тартылды. Сонымен қатар 1 электр тарату бекеті және 5 трансформатор станциясы салынған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. Нәтижесінде Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 400-ге жуық үйге электр энергиясы жеткізіліп, тұрғындар сапалы әрі тұрақты жарықпен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласы әкімдігі мен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысының басты бағыттарының бірі.

Шымкент қаласы мегаполис мәртебесін алғаннан бері абаттандыру және көгалдандыру бағыттары қала дамуының негізгі стратегиялық бағыттарының біріне айналды. Халық санының өсуі, жаңа шағынаудандардың пайда болуы және урбанизация қарқыны артқан сайын, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Шымкентте экологияны жақсарту және жасыл аймақтарды көбейту мақсатында көгалдандыру жұмыстары ерекше қарқынмен жүруде. Мегаполис аумағында жыл сайын ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау және саябақтарды кеңейту жұмыстары қолға алынған.  Атап айтқанда, биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерде әмбебап демалыс орындарын салу көзделген. Қазіргі таңда құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді. Бұл гүлзарлар Достық шағынауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелерінде, Қызылжардағы Тоқбәйге көшесінде, Нұршуақ шағынауданындағы Миялы көшесінде және Асар-2 шағынауданындағы Нұржол көшесінде бой көтереді. Сонымен қатар Асар шағынауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылуда. Жалпы, гүлзарлар орналастыру барысында 9 400 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қарағаш және 100 түп шырша көшеті егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұсынуға бағытталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Шымкентті дамытуға әрбір тұрғын үлес қоса алады
  • 500-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды
  • «Отбасын қолдау орталығы» ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер